Politico басылымы BBC-дің бейтараптығына күмән келтірді

Politico басылымы BBC жайлы мақала шығарды. Мақалада BBC “ескірген тәсілдерімен” Ұлыбританиядағы сайлауалды ақпараттық жарысынан қалай жеңілгені айтылған.

Мақала авторының пікірінше BBC болып жатқан оқиғаларда бейтарап бақылаушы болудың орнына, корпорация сын айтуға тым әуестеніп кеткен.

Нәтижесінде, 11-24 қараша аралығында BBC брекзит-текетірес тақырыбын бір жақты көрсеткені үшін аудиториясы тарапынан 24 000 шағым келіп түсті.

Мысалы лейбористік партия науқанының жетекшісі Эндрю Гвинея BBC бас директоры Тони Холлуға хат жолдады. Хатында басылым лейбористердің қызметін мақалаларында бір жақты көзқараспен көрсететіні айтылған. Эндрю Гвинея хатта:

“Біз, консерваторлардың саясатының жеткізілуіне қарағанда, біздің саясатымызды жағымсыз жағынан көрсететіндеріңізде байқадық” деп пікір білдірді.

Сонымен қатар BBC журналисі Эндрю Нил сұхбатқа келмеген Борис Джонсонға қатты ренжіген. Ренжігені сонша тікелей эфир барысында “біздің премьер – министр Трамп және Путиннің жанында тұруға уақыта тапты, бірақ менің қасымда тұру үшін 30 минут таба алмады!” деп ашуын көрсеткен. 

Factcheck.kz