Полиция Павлодар қаласының жабылуы туралы фейк таратқан адамды іздестіруде

Полиция WhatsApp желісінде Павлодар қаласының жабылуы туралы жалған ақпарат таратқан адамды іздеуде. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

Кеше белгісіз біреу «26 наурыз күні таңертең сағат 08.00-де Павлодарды жабады, шығуға тыйым салынады» деген жалған хабарлама таратты.

Ресми мәлімдеме:

«Қазіргі уақытта облыстың полиция департаменті төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа дейінгі тергеу ісін бастады (Қазақстан Республикасы ҚК — нің 274-бабы 4-бөлігі), сондай-ақ дыбыстық хабарлама жазған және оны әлеуметтік желілерде таратқан адамның жеке басын анықтауға бағытталған іздестіру шараларын жүргізуде» деп айтылған

Сондай-ақ, полицейлер күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп жалған ақпаратты іздестіріп, арандатушылардың жеке басын анықтауда.

Контекст 

Орталық Азия журналистері коронавирус туралы фейктерді тексеретін және дезинформациямен күресетін «Коронавирус, нет, нет, нет» сайт ашты.

Factcheck.kz