Павел Дуров: WhatsApp-ты өшіріп тастауға шақырамын

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өзінің каналында WhatsApp-тың кемшіліктерін тізіп шықты. Оның пікірінше мессенджердің хакерлер мен ФҚҚ (ФСБ) пайдалана алатын осал жерлері бар.

Осы жылдың мамырында мен WhatsApp-тың осал тұстары анықталады деген болжам жасадым. Ал қауіпсіздік саласындағы маңызды мәселелер бірінен соң бірі пайда болады.

Павел Дуров, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы

Оның айтуынша, WhatsApp-тың осал тұсын пайдаланып хакерлер мен мемлекеттік мекемелер қолданушылар жайлы жеке мәліметке қол жеткізе алады. Ол үшін хакер желі арқылы қолданушыға видео жіберуі керек.

WhatsApp сіздің хабарламаңызды қорғамайды. Тіпті қосымша WhatsApp-қа қатысты емес фотосуреттер мен хабарламаларды қадағалау үшін трояндық ат ретінде қолданылады.

Павел Дуров, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы

Дуров мессенджерге иелік ететін Facebook компаниясы халық туралы мәлімет жинау жөніндегі АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (PRISM) бағдарламасына қатысатынын атап өтті.

Павел Дуров барлық фотосуреттер мен хабарламалар жалпыға тарап кеткенін қаламасаңыз, телефоныңыздағы WhatsApp-ты өшіруге кеңес берді.

Осыған дейін Дуров ФҚҚ қолданушылар жайлы ақпаратқа қолжеткізу үшін WhatsApp өз қосымшасында қателіктерді әдейі жасайды деп айыптаған еді. «Вконтакте» желісінің негізін қалаушының сөзі бойынша WhatsApp қауіпсіздік талаптарына сай болмағандықтан 2012 жылы Telegram мессенджері құрылды.

Factcheck.kz