OnlineMektep қашықтан оқу платформасына шабуыл жасалды

Қазақстандық OnlineMektep.org қашықтан оқыту платформасына DDoS (шабуыл платформаға бірнеше компьютерден жасалған уақыт – ред.) шабуыл жасалды. Платформа басшыларының айтуынша, олар қосымша қолданушыларын сенімнен айыруға тырысты. Бұл туралы Vlast басылымы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қосымшаға бірнеше күн бойы Қазақстаннан тыс жерлерден шабуыл жасалған. Платформа басшылары мұны “ұйымдастырылып жасалған шабуыл және қолданушының сенімін төмендетуге бағытталған” деп санайды.

Уәкілетті органның мәліметінше, “ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық қорғауының арқасында” платформа шабуылға төтеп берді.

DDoS шабуылының мықты болғаны сонша, платформаның жұмысына он есе ауыртпалық түсірген. Сонымен қатар Қазақстан интернетінің тарихында ең үлкен цифрлық шабуылдардың бірі болған.

Контекст

  • Өткен аптада ZOOM платформасында бесінші сынып оқушыларының сабақ уақытында белгісіз біреулер порнография қосқан. Мұндай жағдай Қазақстанда екі рет болды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz