Nur Otan азаматтық белсенділерге қарсы сот ісін жеңді

Сот азаматтық белсенділерді NurOtan партиясының мүшелеріне 6 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Алматы қалалық сотының сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес партия мүшелері Facebook парақшаларында аталған ақпаратты  жоққа шығаруды және моральдық зиянды өндіруді сұраған болатын.

Іс Жетісу аудандық сотында қаралды. Талап қоюшылар «Нұр Отан партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Тамара Шакирова, Разия Бахибекова,  Дидар Аккулов,  Ержан Медеуов. Жауапкерлер Санавар Закирова, Марат Турымбетов және Альнур Ильяшев.

Шағымданушылардың айтуынша жауапкерлер NurOtan партиясы  «Наше право» саяси партияның құрылуына кедергі жасап жатқаны туралы жалған ақпарат таратқан. Ақпарат Facebook, Twitter сияқты әлеуметтік желілерде және «Vласть», exclusive.kz, bureau.kz, rknews.kz атты интернет ресурстарында жарияланған.

Талап арызға сәйкес шағымданушы тарап жауапкерлерді тұрғындардың және Әлем қоғамдастығының алдында NurOtan партиясының және партия мүшелерінің ар-намыс беделін бұзды деп айыптап отыр.

Жауап берушілер талап арыздың орынсыз екенін айтып, талапты қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

Алайда сот «NurOtan партиясы» ҚҰ-ның «Наше право» саяси партияның құрылуына кедергі жасап жатқаны туралы ақпаратты теріске шығарып, NurOtan  партиясының және партия мүшелерінің ар-намыс беделін бұзды деп таныды.

Сонымен қатар жауапкерлердің әр-қайсысынан Т. Шакированың,  Р. Бахибекованың,  Д. Аккуловтың, Р. Медеуовтың пайдасына моральдық шығын ретінде 1 500 000 теңге қаржы соммасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Factcheck.kz