Миллиондаған қазақстандық пен ресейліктің дербес дерегі сақталған сайт табылды

Курган облысы бойынша Роскомнадзор басқармасының мамандары миллиондаған қазақстандық пен ресейліктің дербес дерегі сақталған шетелдік интернет-ресурсты анықтады. Nomerekaterinburga.com тыйым салынған сайтының домені Францияда тіркелген.

Сайттың қорында алфавиттік тәртіппен миллион ресейліктің жеке мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және телефондары) сақталған. Сонымен қатар, Роскомнадзордың хабарлауынша сайтта Қазақстанның 34 қаласының тұрғындарына қатысты мәліметтер бар.

Ресей азаматының өтініші бойынша Курган облысы бойынша Роскомнадзор басқармасы дербес деректер субъектісінің құқын қорғау туралы талап арыз дайындады. Сот қадағалау органының пайдасына шешім шығарды.

Қазіргі уақытта nomerekaterinburga.com сайты дербес деректер субъектілерінің құқын бұзушылар тізіліміне енгізілді. Сайт жақын арада бұғатталады.

Factcheck.kz