Microsoft полицияға FaceID технологиясын беруден бас тартты

Microsoft полицияға FaceID технологиясының бағдарламалық жасақтамасын сатудан бас тартты. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Компания директоры Брэд Смиттің айтуынша Microsoft адам құқығына негізделген ұлттық заң қабылданбайынша, аталған технологияны полицияға бермейді.

Оған дейін Microsoft-қа бәсекелес компания Amazon.com Inc «Rekognition» қызметін полицияға бір жыл бойы, ал International Business Machines Corp бағдарламалық жасақтаманы мүлдем бермейтінін хабарлаған еді.

Мұндай өзгерістер Джорж Флойд оқиғасына байланысты. АҚШ-та тұтқындау кезінде қара нәсілді Джорж Флойдтың өлімінен кейін полиция жұмысына ерекше көңіл бөлінді. Елде алалаушылыққа қарсы наразылық акциялары басталды.

Сол себепті бет әлпетті тану технологиясы наразыларға қарсы қолданылуы мүмкін деген қорқыныш пайда болды. Зерттеуге сәйкес технология терісі қаралау адамдарды тануда бірнеше пайызға қателеседі. Технологияның қатесінен кінәсіз адам тұтқындалуы мүмкін.