Македония “фейк ақпараттар елі” атауынан құтылудың жолын іздестіруде

Македония билігі “фейк тарататын ел” имиджінен құтылғысы келеді. 2016 жылдың желтоқсан айында Buzzfeed зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында Македонияның 55 000 халқы бар Велес қалашығы бүкіл әлемге фейк таратып отырғаны анықталды.

Енді Македония билігі АҚШ-та өткен соңғы президенттік сайлау кезінде қалыптасқан бұл атаудан құтулы үшін медиасауатқа көп көңіл бөлуде. Түрлі мамандар жасөспірімдермен жұмыс істеп жатыр. Оларға жалған ақпараттың қаншалықты зиян екенін түсіндіруде.

Македонияда бір топ жасөспірім солтүстікамериканың саясаты туралы хабар тарататын 100-ден астам “жаңалықтар” басылымдарын басқарған. Сонымен қатар, 2 млн халқы бар мемлекетте фейк аккаунттар көбейіп кеткен. Buzzfeed-тің айтуынша, 2016 жылы АҚШ-та өткен сайлау кезінде бұл аккаунттар фейк жаңалықтар таратып отырған.

Жасөпірімдер АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Кенияда дүниеге келген және Франциск Папа католиктерге Хиллари Клинтонға дауыс беруге тыйым салған деген ақпарат таратқан.

Сондықтан үкімет медиасауат бойынша арнайы бағдарламаны іске қосты. Бағдарламаға 800-ден астам адам қатысты. Биліктің болжауынша бұл бағдарламаның әсері 2020 жылы АҚШ-тағы сайлауда да байқалады.

Factcheck.kz