Коронавирус пандемиясы жайлы дезинформациядан сақтану жолдары

БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде коронавирус пандемиясы жайлы тексерілмеген ақпарат, дезинформация, жалған ақпарат тарап жатыр. Poynter басылымы дезинформациядан сақтанудың 6 жолын ұсынады.

1. Вирус жайлы оқыңыз

Вирус белгілері қандай, таралу жолы, қандай ауруға ұқсайтынын зерттеңіз. Вирус жайлы көп білген сайын интернеттегі ақпараттың жалған екенін оңай анықтайсыз.

2. Вирус “біреудің жоспары” деген теорияға сенбеңіз

Бастапқы кезеңде індеттің қай жерде басталғанын анықтау қиын болуы мүмкін, әсіресе бұл жаңа ауру болса. Осы кезде қастандық теориясы жайлы түрлі ақпарат шыға бастайды. Бұл вирусты кейбіреулер зертханада жасалған “биологиялық қару” деп атаса, басқалары түгелдей бір мемлекеттің жоспары деп сенеді. Еш дәлелденбеген, негізсіз ақпаратты әлеуметтік желілерде бөліспеңіз.

3. Суреттер мен видеоларды тексеріңіз

Вирус жұқтырған адамдарды немесе Үкіметтің оған деген реакциясын көрсететін видеолар мен суреттерге күмәнмен қараңыз. Әлеуметтік желілерде вирусқа қатысты суреттер мен видеолардың түпнұсқасын табу үшін Google Reverse Image Search, RevEye және InVid сияқты құралдарды пайдаланыңыз.

4. Статистиканы бірнеше рет тексеріңіз

Ақпаратты вирус жұқтырғандар, айыққандар және қайтыс болған адамдар саны болса міндетті түрде бірнеше рет тексеріңіз. Бұл шенеуніктер індеттің маңыздылығын өлшеу үшін қолданатын сандар және олар күн сайын өзгереді. Сол себепті ақпаратты ресми, сенімді дереккөздерінен қарауға кеңес береміз. Мысалы ДДСҰ ресми сайтында күн сайынғы статисканы жариялайды.

5. Вирустың қаупін төмендететін немесе еселеп жіберетін ақпараттан сақ болыңыз

Әдетте эпидемия тақырыбы саяси мәнге ие бола бастайды, сол себепті вирустың пайда болуын бір адамға, партияға немесе түгелдей мемлекетке жабуы мүмкін. Мысалы, АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусты тестілеуге шектеу қойды деп Барак Обаманы негізсіз кінәлаған еді.

6. Вирустың алдын алу немесе емдеу тәсілдері жайлы ақпаратты бөліспеңіз

Вируспен қоса, оның алдын алу немесе емдеу тәсілдері жайлы ақпарат та жылдам тарап жатыр. Кейбір тексерілмеген ақпарат бойынша вирустан сақтану үшін түрлі дәрілерді, денсаулыққа қауіпті ағартқыш құралдарды ішуді ұсынады.

Үндістанда Бхаратия партиясының өкілі Джаната Моди (BJP) вирустан емдейтін дәрі-дәрмек ұсынды. Оның айтуынша сиырдың зәрі мен тезегі, оқытылған қалампыр гүлі ем болуы мүмкін дейді. Билік өкілінің бұл мәлімдемесін фактчекерлер сынға алды.

Factcheck.kz