Knight және Gallup аудиторияның медиаға сенімі туралы зерттеу жариялады

Америкадағы Knight коммерциялық емес қоры және Gallup қоғамдық пікір институты бірлесіп аудиторияның медиаға сенімі туралы зерттеу жариялады. Зерттеудің толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Зерттеуге сәйкес, америкалықтар ұлттық басылымдардан гөрі жергілікті медиаға көбірек сенеді. Алайда, бұл сенім біртіндеп төмендеп келеді. Америкалықтардың сенім деңгейінің төмендеуі журналистердің саяси аффилирленуіне байланысты.

Сауалнамаға қатысқандардың 6% – ы жергілікті журналистика ұлттыққа қарағанда адамдарды көбірек ақпараттандыруға бағытталғанын айтады.

Респонденттердің пікірінше жергілікті медиа ауа райы, жергілікті спорт, ойын-сауық, өнер, мәдениет, қылмыс сынды тақырыптарды кеңірек ашады. Алайда, есірткі мен қоршаған орта мәселелеріне келгенде ұлттық басылымдардан артта қалады.

Зерттеуге қатысқандардың 29% – ы аймақтағы журналистиканы сенімді деп санайды. Ал 23%-ы жергілікті басылымдарға бейтарап деген баға берді.

Сұралғандардың 45% жергілікті, ал 31% ұлттық медиаға сенім артады. Қор мен институт қызметкелрелі адамдардың 15% жергілікті, ал 38% ұлттық басылымдардағы жаңалықтарға сенбейтінін анықтады.

Зерттеудің нәтижесі бойынша сұралған адамдардың 79% – ы жергілікті журналистика қарапайым азамат үшін маңызды тақырыптарды көтеретініне сенімді.

Ең қызығы әр түрлі қоғамдық институттарға деген сенім деңгейі бойынша өңірлік журналистика соңғы орында тұр. Одан кейін саясаткерлерге деген сенім орналасқан.

Factcheck.kz