Кейбір смартфондарда WhatsApp желісі қызметін тоқтатады

Кейбір смартфондарда WhatsApp желісі қызметін тоқтатады

Операциялық жүйесі ескірген смартфондарда WhatsApр қосымшасы жұмыс істеуін тоқтатады. Желідегі өзгерістер жайлы компания өз блогында хабарлады.

Бүгінгі күні мессенджер келесі құрылғыларда еш кедергісіз жұмыс істейді:

  • Android 4.0.3 операциялық жүйесі және одан кейінгі нұсқаларында;
  • iOS 9 операциялық жүйесі бар iPhone телефондарда
  • JioPhone және JioPhone 2 смартфондарымен қоса алғанда kaios 2.5.1 және жаңа операциялық жүйесі бар кейбір телефондарда

Компания кейбір операциялық жүйелер мен смартфондарда орнатылған мессенджерді қолдану мерзімін шектеді. Мысалы Android 2.3.7 немесе iOS 8-ден ескі нұсқасында орнатылған смартфондарда мессенджер 2020 жылдың 1 ақпанына дейін жұмыс істейді.

Factcheck.kz