«Қазмедиа» орталығындағы екі күзетші Vlast журналистіне шабуылдағаны үшін жазаланды

Vласттың астанадағы бюросының бас редакторы Тамара Ваальға шабуыл жасаған «Қазмедиа» орталығының екі күзетшісі жазаға тартылды. Күзетшілердің бірі журналистің қолын бұраған.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша оқиғаға қатысы бар полицейді жазалау мәселесін Ішкі істер министрлігі қарастырып жатыр.

«Қазмедиа орталығының» бас директоры Ләззат Жүнісова қол қойған бұйрыққа сәйкес қызметтік қарым-қатынас этикасын, қызметтік міндеттерін және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, қызметкер Жарас Ақышев пен режимді бақылау қызметінің бас маманы Нұрлан Садықов сөгіс алды.

Журналистің қолын бұрған ІІМ қызметкеріне келетін болсақ, оған қатысты шешімді Ішкі істер министрлігі қабылдауы керек.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде журналистен кешірім сұрады. Ал оқиға болған жердің орталық байланыс қызметінің басшылығы редакциямен байланысқа шықпады.

Factcheck.kz