Канадалық фактчекерлер сайлау жайлы жалған ақпараттың аздығына таң қалды

Екі аптадан кейін Канадада парламентке сайлау өтеді. Осыған орай фактчекерлер сайлауға қатысты ақпаратты тексеріп, белсенді жұмыс істей бастады. Бұл жайлы Poynter.org хабарлады.

Алайда канадалық фактчекерлердің бұл жолғы жұмысы жеңілдеді. Себебі кейбір француз мистификациялары мен бірнеше мемнен басқа желіде сайлауға қатысты жалған ақпарат табылған жоқ.

Квебектегі репортер Ив Боден сайлау кезінде жалған ақпарат көшкінін күткенін айтады. Үш апта бұрын Agence Science Press-тің қолдауымен (фактілерді тексеруге арналған веб-сайт) Боден командасы Facebook-те “Сайлау науқаны: кім шын айтады?”(Campagne électorale: Qui dit vrai?) деген парақша ашты.

Жоспар бойынша бұл парақшада фактчекерлер сайлауға байланысты барлық ақпаратты тексеруі керек еді. Боденнің айтуынша жұмыс көлемінің аздығынан фактчекерлер жұмыссыз қалуда.

Журналистің айтуы бойынша жалған ақпараттың аз таралуы медиаға деген сенімнің жоғары және саяси элиталардың поляризациясының төмен деңгейіне байланысты болуы мүмкін.

Factcheck.kz