Instagram жалған ақпаратқа арнайы белгі қояды

Instagram әлеуметтік желіде жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін фактілерді тексеруге шындап кіріскен. Жақында сенімсіз жазбалар “жалған ақпарат” немесе “false information” деген жазумен белгіленетін болады. Бұл жайлы компания өзі хабарлады.

Instagram жалған ақпаратқа арнайы белгі қояды
сурет newsroom.fb.com сайтынан алынды

Бұл қызмет қараша айынан бастап “тарих” бөлімінде де, инстаграмның негізгі бетінде да пайда болады. Пайдаланушылар желіде жарияланған жазбаларды бұрынғыдай көре алады, ол үшін “хабарды қарау” пернесін басу керек.

АҚШ Сенатының барлау жөніндегі комитеті 2016 жылы өткен сайлауға араласу туралы есептің екінші томында Instagram-ды интернетте ықпал етудің “ең тиімді құралы” деп атады. Осыдан кейін Facebook фактілерді тексеру қызметін жақсарту бойынша бірқатар өзгерістер еңгізді.

Instagram жалған ақпаратқа арнайы белгі қояды
сурет newsroom.fb.com сайтынан алынды

Сондай-ақ, Instagram-да бұрын жалған деп танылған ақпаратты жариялауға тырысатын пайдаланушыларға ескерту жіберіледі. Жарияланым алдында экранда ақпараттың дұрыс еместігі туралы хабарлама пайда болады, сондай-ақ қосымша ақпаратқа сілтеме беріледі. Осылайша, пайдаланушы әлі де жазба жариялай алады, бірақ жазбаға “жалған ақпарат” деген белгі қойылады.

Белгі фото, видео жазбалармен қоса, stories бөліміне де қойылады.

Компания басшылығының айтуынша фактілерді тексеру үшін көп уақыт керек. Алайда, компания желіде жалған ақпараттың таралуына жол бермейтінін айтты.

Factcheck.kz