Instagram-да жас шектеулері пайда болады

Instagram әлеуметтік желісі тіркеу ережелерін жаңартқанын айтты. Енді желі тіркелгелі жатқан қолданушының туған күнін сұратады. Ал 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға аккаунт ашуға мүмкіндік бермейді. Бұл туралы Instagram баспасөз қызметі хабарлады.

Тіркеу кезінде туған күнін міндетті түрде көрсету “жастарды қорғауға және жалпы адамдардың жасына сәйкес орта қалыптастыруға” мүмкіндік береді дейді компания.

Instagram-да жас шектеулері пайда болады

Инстаграмда қолдаунышының туған күні басқаларға көрінбейді, оны жеке есептік жазбасында көре алады. Ал қолданушы фейсбукте тіркелген болса, платформада көрсетілген туған күні автоматты түрде инстаграмға да қойылады.

Сонымен қатар, Instagram жеке хабарламаларды бақылау функциясын іске қосуда. Жаңа өзгерістерге сай жеке адам мен топтық чаттардан келетін хабарламаларды бұғаттауға болады.

Бұған дейін Instagram лайк санын жасыруды сынақтан өткізді. Енді қолданушы жүктеген суретіне қанша адам лайк қойғанын көре алмайды. Сонымен қатар “Instagram” AR (augmented reality) түрлі маскалар әлеуметтік желі пайдаланушыларының психикалық денсаулығына зиян келтіруі мүмкін деген қауіппен “пластикалық хирургия” фильтрлерін платформадан өшіреді.

Factcheck.kz