Google суреттерге фактчекиң белгісін қояды

Фотосуреттер мен видеолар адамдарға әлемде не болып жатқанын көрсетудің керемет жолы. Бірақ визуалды медианың да өз кемшіліктері бар. Мысалы суреттің шығу тегі, шынайылығы немесе контекстіне байланысты сұрақтар туындауы мүмкін. Сол себепті енді Google суреттерде жаңа қызмет пайда болады.

Енді Google Images-да сурет іздеу кезінде басты бетте «фактілерді тексеру» белгісін көре аласыз. Суреттердің бірін үлкен пішімде көру үшін бассаңыз, сурет жарияланған парақшада фактілерді тексеру мәліметтерін көресіз.

Пайдаланушы осы суреттің шынайлығын кім және қалай тексергені туралы ақпарат алады. Бұл материалдардың ішіндегі суреттер мен жекелей фотосуреттерге қатысты.

sharksswimming.jpeg
сурет blog.google сайтынан алынды

Фактчекиң белгісі компанияның талаптарына сәйкес келетін интернеттегі тәуелсіз көздерден алынған суреттерде пайда болады. Мысалы ClaimReview әдісіне сүйенетін болады.

Компания жаңа белгіні қою суреттің Google Images-та шығу рейтингісіне әсер етпейтінін айтты.

Factcheck.kz