Google іздеу жүйесі WhatsApp-тағы жеке чаттарды табуға мүмкіндік береді

DW News журналисі Джордан Уилдон гугл іздеу жүйесі арқылы WhatsApp-тағы жеке чаттарды тауып, оларға қосылуға болатынын анықтады. Іздеу жолағына “сhat.whatsapp.com” деп жазсаңыз уатсаптағы топтық чаттарға жарты миллионнан астам инвайт-сілтеме табуға болады. 

https://twitter.com/jordanwildon/status/1230829082662842369

“Сіздегі WhatsApp топтар сіз ойлағандай қауіпсіз болмауы мүмкін. «Пригласить в группу по ссылке» функциясы Google-да топтарды индекстеуге мүмкіндік береді. Осылайша… қызықты… топтарды оп-оңай тауып ала аласыз” дейді журналист.

Журналист бұл “қызметті” WhatsApp уеб-қосымша парағында @crowdtangle парақшасын оқып отырып, кездейсоқ анықтаған.  

Өткен жылдың қараша айында HackrzVijay есімді туиттер қолданушы бұл қатені анықтаған. Қатені анықтаған соң Facebook-ке хат жолдады. Компания қатесін мойындады.

Google іздеу жүйесі WhatsApp-тағы жеке чаттарды табуға мүмкіндік береді
Factcheck.kz