Гонконг Үкіметі Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасын қайтарып алуға келісті

Гонконг басшысы Кэрри Лэм жаппай наразылық тудырған экстрадиция туралы заң жобасын кері қайтарады деп мәлімдеді. Атқарушы билік басшысының мәлімдемесі туралы BBC хабарлады.

“Үкімет бұл заң жобасын қоғамның алаңдаушылығын жою үшін ресми түрде қайтарып алады”, – деп мәлімдеді Лэм.

“Мен Үкімет МГЭИК баяндамасының (шағымдар бойынша тәуелсіз полиция кеңесі) ұсынымдарын қатаң ұстанатынына уәде беремін. Осы айдан бастап, мен және басты лауазымды тұлғалар тікелей диалогты бастау үшін қоғамдастықтың көмегіне жүгінеміз. Біз қоғамдағы наразылықты жеңіп, бұл мәселені шешу жолдарын табуымыз керек”, – деді Гонконг басшысы.

Лэм бұл заң жобаны “өлі” деп атаған соң, жоба маусым айында тоқтатылған болатын. Алайда, жобаның тоқтатылуы жаппай наразылықты баса алмады. Себебі заң жобасынан толық бас тарту — наразылардың негізгі бес талабының бірі.

Контекст 

  • Гонконгта маусым айынан бері үкіметтің құқық бұзушыларды Қытай билігіне тапсыру жоспарына қарсы мыңдаған акциялар өтуде. Кейін талаптарға демократиялық реформалар жүргізу, жалпы сайлау құқығын енгізу және Гонконг Әкімшілігі басшысының орнын босатуы қосылды.
  • Тамыздың 20-сы Twitter Гонконг наразыларына қарсы ақпараттық кампанияда ҚХР-ны айыптап, 936 аккаунтты бұғаттады.
  • Тамыздың 23-сы Google Гонконгтағы жағдайға әсер етуге тырысқан 210 YouTube-арнасын өшіріп тастады.
Factcheck.kz