Франция билігі Bloomberg-ке фейк үшін 5 млн еуро айыппұл салды

Франция билігі Bloomberg агенттігіне Vinci компаниясы туралы жалған баспасөз релизін таратқаны үшін €5 млн ($5,5 млн) айыппұл салды. Осыдан үш жыл бұрын Bloomberg Франциядағы бюросының қызметкерлері пресс-релиздің растығын тексермей жалған ақпарат таратқан деп хабарлайды Bloomberg Law.

2016 жылдың қараша айында Bloomberg Париж бюросының редакциясына ойдан шығарылған электронды поштадан жалған баспасөз хабарламасы келіп түсті. Хатта Vinci Француз құрылыс компаниясы өзінің қаржылық көрсеткіштерін “айтарлықтай” бұзушылықтардан кейін қайта қарастырғанын және қаржы директорын жұмыстан шығаратыны айтылған.

AMF француздық қаржылық реттеушісінің айтуынша журналистер ақпаратты тексерудің орнына баспасөз релизі пайда болғаннан кейін бір минут өткен соң жаңалықты жариялады. Бұл ақпарат AFP агенттігіне де келіп түскен, бірақ олар хаттың құрылыс компаниясының “басқа” сайтында орналасқанын бірден түсінді.

Нәтижесінде жалған ақпарат тарағаннан кейін Vinci акциялары бірден 18%-ға төмендеді. Компанияның бағалы қағаздарының құны ақпаратты теріске шығарғаннан кейін ғана бұрынғы деңгейіне қайта оралды.

Француз билігі Bloomberg бұл ақпараттың жалған екенін анықтау керек еді деп санайды. Агенттіктің ойынша Франция билігі әділетсіз шешім шығарды.

Factcheck.kz