Facebook, Google және бірнеше басылым жалған ақпаратпен күреседі

Facebook, Google және бірнеше басылым жалған ақпаратпен күреседі

Facebook, Google, BBC және бірнеше ірі басылымдар мен технологиялық компаниялар жалған ақпаратпен бірігіп күреседі. Алып компаниялардың бастамасы жайлы BBC хабарлайды.

Жаңа функция желі қолданушыны сайлау кезінде немесе адам өміріне қауіп төнуі мүмкін кезде алдын-ала ескертеді. Сонымен қатар желі қолданушылары үшін қосымша онлайн сабақтар дайындалады және түрлі ресурстарға жол ашады. Ірі баспалармен қоса жүйені әзірлеуге Google, Twitter және Facebook көмектесті.

Алдын-ала ескерту жүйесі арқылы басылымдар жалған ақпаратты табу және теріске шығару кезінде жаңалықты бір-біріне жедел жібере алады.

Биыл жазда BBC “Trusted News” саммитін өткізген еді. Оған әлемдік ірі технологиялық компаниялар мен түрлі баспалардан келген жоғары лауазымды тұлғалар қатысты.

Саммит барысында жалған ақпаратпен күресу стратегиясы құрылды:

Алдын-ала ескерту жүйесі: ұйымдар адам өміріне қауіп төндіретін немесе сайлау кезінде демократияны бұзатын дезинформацияны анықтаған кезде бір-бірін хабарды жылдам жіберу жүйесін құру.

Медиабілім: медиасауаттықты арттыру мақсатында онлайн медиасабақтар жүргізу.

Сайлаушылар үшін ақпарат: сайлау төңірегіндегі азаматтық ақпараттың әрекеттестігі, қалай және қайда дауыс беру керегін түсіндірудің жалпы жолы.

Бірлескен оқыту: әсіресе “шулы” сайлау жайында.

Factcheck.kz