Facebook фактчекиң бағдарламасынан “жеке пікір мен сатираны” алып тастауды жоспарлап отыр

Facebook фактчекиң бағдарламасынан "жеке пікір мен сатираны" алып тастауды жоспарлап отыр

Facebook Inc. әлеуметтік желілерде жалған ақпараттың таралуын алдын алу және өзінің бейтараптығын сақтау үшін жеке пікір мен сатираны арнайы фактчекиң бағдарламасынан алып тастағалы отыр. Бұл жайлы The Wall Street Journal хабарлайды.

Бағдарламаның жаңа ережелеріне сай ақпаратты тексерушілер жазбаны жалған деп тапса, компанияға өтініш білдіре алады. Бірақ фейсбук компаниясы желіде жарияланған сатиралық немесе жеке пікірде тексерілмеген ақпарат болса да, жазбаны “жалған” деп санамайды.

Қазір әлеуметтік желіде фактчекерлер жазбаны тексеруге көмектесетін 9 шарттан тұратын тізім құрылған. Олардың арасында сатира және жеке пікір деген бөлек шарт бар. Материалдың “жалған” белгісі көп болған сайын, жазба жаңалықтар легінде төмен орналасады.

Сонымен қатар, мақаласы “жалған” деп танылған басылым әлеуметтік желіге аппеляциялық шағым түсіре алады.

Алайда фактчекерлердің көбі енді фейк таратушылар жалған ақпаратты сатира немесе жеке пікір ретінде тарата бастайды деп қауіптенеді.

Дегенмен соңғы уақытта Facebook бір жағынан жалған ақпаратпен күрессе, екінші жағынан саясаткерлердің мәлімдемесін тексеріссіз қалдыруда. Компанияның айтуы бойынша “саясаткерлердің мәлімдемесі, пікірі – жаңалыққа негіз” болады.

Factcheck.kz