Facebook ескі жазбаларды жаппай өшіру мүмкіндігін қосты

Facebook пайдаланушының парақшасындағы барлық ескі жазбаларды бірден өшіру қызметін қосты. Бұл туралы The Washington Post хабарлайды.

«Управление действиями» құралы парақшаңыздағы ескі жазбаларды бірден өшіруге мүмкіндік береді. «Бұл функция сізді аңдушыларға, жұмыс берушілерге және үкіметке сіздің өткеніңізді көруге мүмкіндік бермейді», — дейді компания.

Facebook-тың жаңа құралының көмегімен белгілі бір кезеңде немесе сіз таңдаға пайдаланушылардан жазбаларды өшіре аласыз. Сондай-ақ, тек фотосуреттерді немесе видеоларды өшіру сияқты басқа параметрлерді орнатуға болады.

Жаңа қызмет әзірше мобильді қосымшаларда жұмыс істейді. Ол үшін «Настройки» бөліміне кіріп, «Ваша информация на Facebook» батырмасын басу керек. Ары қарай «Журнал действий» және «Управление действиями» қызметін таңдау керек.

Ал егер ескі жазбаларыңызды өшіргіңіз келмесе, оны мұрағаттай аласыз.

Factcheck.kz