Facebook биометрияны заңсыз жинағаны үшін айыппұл төлейді

Иллинойс штатындағы пайдаланушылар компанияны FaceID-дің көмегімен биометрикалық деректерді заңсыз жинады деп айыптады.

Facebook АҚШ-тағы Иллинойс штатындағы арызданушыларға $550 млн төлеуге келісті. Талап Facebook-тегі фотосуреттерді талдау жүйесіне қатысты. Арызданушылардың айтуынша желі фотосуреттерде қолданушыларды тану үшін адамдарды белгілеуге мүмкіндік береді.

Талапкерлер фейсбуктың бұл қызметі пайдаланушылардың биометриясын заңсыз жинайды дейді. Себебі әлеуметтік желі бұған қатысты ешқандай рұқсат сұраған жоқ.

Facebook-тың қаржы директоры Дэвид Венгер акционерлер және қауымдастықтың мүддесі және осы тақырыпты жабу үшін бұл мәселені тез шешуге тырысатынын хабарлады. Оның айтуынша, $550 млн сомасы өткен жылдың төртінші тоқсанындағы компания есебінің шығын бағанына қосылған.

Иллинойс штатының дербес деректерді өңдеу туралы заңнамасы АҚШ-тағы ең қатал болып саналады. Тұрғындар Facebook-ті жеңген жағдайда компания $6 млрд-қа дейін айыппұл төлеуі мүмкін.

Көптеген жылдар бойы Facebook пайдаланушыларға өздерінің жеке аккаунттарына жүктейтін фотосуретте таныс адамдарды белгілеуді ұсынатын еді. Ал әлеуметтік желі белгіленген қолданушылар жайлы ақпаратты автоматты түрде сақтап алады. Компания басқа фотосуреттерді бір-бірімен салыстыру үшін Deep Face бағдарламасын пайдаланды.

2019 жылы Facebook әлеуметтік желісі суреттегі адам жүзін автоматты тану функциясын өшіріп тастады. Өзгерістерге сәйкес Face Recognition қызметі Tag Suggestions-ге ауысады. Tag Suggestions қызметінде желідегі достарыңыздың сізді фотосуретте белгілеуіне шектеу қоя аласыз.

Factcheck.kz