Еуродақ Венгрия билігін медиаға қысым көрсетпеуге шақырды

Еуропалық алты журналистік ұйым Еуродақтан Венгрия тарапынан еркін баспасөзге қысымды тоқтатын шара қабылдауын сұрады. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Халықаралық баспасөз институты (IPI), Журналистерді қорғау комитеті (CPJ), Шекарасыз репортерлер (RSF) және басқа да ұйымдар Венгрия үкіметінің, атап айтқанда елдің премьер-министрі Виктор Орбанның қызметі туралы бірлескен есеп дайындады. Сарапшылардың ақпараты бойынша Орбан өз елінде баспасөзге белсенді түрде қысым жасайды.

Ал келесі аптада Еуродақ көшбасшылары Орбан тарапынан “демократиялық нормалардың жүйелі түрде бұзылуын” талқылайтын жалпы кездесу ұйымдастырмақ.

Журналистер дайындаған есепте Венгр үкіметі медиа тәуелсіздігін, бостандығын және плюрализмді жүйелі түрде бұзатыны жазылған. Сонымен қатар медиа нарығын бұзып, журналистік қауымдастықты бөліп жібергені айтылды.

Журналистердің пікірінше Еуродақта медианы бақылау деңгейі бұрын соңды мұндай дәрежеде болмаған.

Венгр парламентінің спикері өзінің твиттер парақшасында айыптауларға жауап берді. Орбан елдегі ірі телевизиялық арна мен жаңалықтар порталы оппозициялық екенін айтты.

Айтпақшы, журналистік ұйымдардың тек Венгрияға емес, Польшаға да наразылықтары бар. Олардың пікірінше Польша билігіндегі кейбір саясаткерлер медианы бақылауға алғысы келеді.

Factcheck.kz