Еуроодақ Ресей мен Қытайды фейк таратады деп айыптады

Еурокомиссия Ресей мен Қытай коронавирус пандемиясы басталғаннан бері Еуроодақ елдеріне қатысты дезинформациялық кампанияларға қатысып жүргенін айтады. Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

Брюсселде таратылған баяндамада ЕО-ға мүше емес шетелдік субъектілер мен елдер, атап айтқанда Ресей мен Қытай, Еуропадағы, көрші елдердегі және бүкіл әлемдегі дезинформациялық науқандарға қатысады делінген.

Бұған мән бермеу өте қауіпті болар еді. Пандемия бізге жалған ақпарат елеулі зиян келтіруі, тіпті адамдарды өлтіруі, мемлекеттік билік органдары аурумен күресу үшін қолданған шараларына кедергі келтіруі мүмкін екенін көрсетті

Еуропалық құндылықтар мен ашықтыққа жауап беретін Еурокомиссия басшысының орынбасары Вера Юрова

Вера Юрованың айтуынша Брюссель жалған ақпаратқа қарсы күресте интернетте 7 миллион рет қаралған коронавирус туралы мифтерді жоққа шығарды.

Factcheck.kz