ЕО: пандемиядан кейін адамдарды бақылауға арналған қосымшаларды өшіру керек

ЕО Әділет жөніндегі комиссары Дидье Рейндерстің айтуынша COVID-19 вирусын жұқтырған адамдарды бақылауға арналған қосымшалар тек пандемия кезінде пайдаланылып, одан кейін өшірілуі тиіс. Бұл жайлы Reuters хабарлайды.

Дидье Рейндерстің айтуынша мұндай қосымшалар адамдарды жаппай бақылау үшін пайдаланылмауы керек. ЕО пленарлық отырысында Рейндерс жеке тұлғалар өз дерегін бақылайтынын айтты.

Сәуір айының ортасында Еурокомиссия коронавирустың таралуын тежеу үшін мобильді қосымшаларды пайдаланатын ЕО елдері қосымшалардың құпиялылық ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс екенін хабарлады.

Яғни, олар адамдардың геолокациясы туралы жеке деректерді пайдаланудан аулақ болу керек. Бұл COVID-19 қарсы күрес технологияларын қолдануда бірыңғай еуропалық тәсілдің шарттарының бірі.

Factcheck.kz