Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандардың жас ерекшелігін атап өтті

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған азаматтардың жас ерекшелігін атап өтті. Бұл жайлы Vlast.kz хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша 7 емделушінің жағдайы ауыр, 28 емделушінің жағдайы орташа, ал 215 емделушіде ауру жеңіл түрде өтуде. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет коронавирусты жұқтырудың жолдары туралы толық мәлімет келтірді.

Ведомство ақпаратына сәйкес, 67 жағдайда адам вирусты шетелде жұқтырған, 114 жағдайда науқас вирус жұқтырған адаммен байланыста болған, 103 жағдайда ел ішінде жұқтырса, басқа 57 жағдайда жұқтыру жолы анықталмаған.

Вирус жұқтырған азаматтардың жас ерекшелігі:

  • 60 жастан асқан 19 адам;
  • 50 жастан 60 жасқа дейінгі 22 адам;
  • 40 жастан 50 жасқа дейінгі 37 адам;
  • 30 жастан 40 жасқа дейінгі 41 адам;
  • 20 жастан 30 жасқа дейінгі 46 адам;
  • 20 жасқа дейінгі 9 адам;

Бүгінгі күні Қазақстанның 17 аймағының 15-інен 294 науқас тіркелді.

Factcheck.kz