ДДCҰ басшысы: Коронавирус пандемиясы әлі шыңына жетпеді

Сейсенбі күні өткен брифингте ДДҰС басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус әлемдегі коронавирус пандемиясы әлі өз шыңына жетпегенін мәлімдеді. Бұл жайлы ТАСС хабарлайды.

Оның айтуынша алғашында коронавирусты жұқтырудың 400 мың жағдайы 12 апта ішінде анықталған. Ал өткен демалыс күндері әлемде 400 мың адам вирус жұқтырған.

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде 11,4 млн адам коронавирус жұқтырған, оның 535 мыңы қайтыс болды. ДДСҰ Денсаулық сақтау саласының төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райанның айтуынша маусым айында вирус жұқтырғандардың саны артқан.

Майкл Райанның айтуынша сәуір және мамыр айларында күніне 100 мың науқас тіркелсе, қазір вирус жұқтырғандардың саны күніне 200 мыңға жетіп отыр. Оның ойынша бұл індет қарқын алып келе жатқанын білдіреді.

Factcheck.kz