БҰҰ COVID-19 туралы жалған ақпарат таратуға қарсы жоба бастады

Біріккен Ұлттар Ұйымы коронавирус пандемиясы туралы дезинформациямен күрес бойынша “Verified” (“тексерілді”) бастамасын көтерді. Бұл туралы DW хабарлайды.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештың айтуы бойынша дезинформация онлайн, мессенджерлерде және адамнан адамға таралады. Жалған ақпараттың авторлары түрлі әдіс қолданады. Бұған қарсы тұру үшін адамдарға тексерілген ақпаратты жеткізу қажет.

Ұйым барлығын “ақпараттық ерікті” болуға шақырады. Осылайша өз отбасылары мен қоғамдастықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Еріктілерге күн сайын жалған ақпаратты жоққа шығаратын немесе ақпараттық алаңды толтыратын контент жіберіледі деген болжам бар.

Ақпарат үш тақырып бойынша ұсынылады: ғылым, ынтымақтастық және шешімдер.

Ақпараттық ерікті болу үшін жобаның сайтына кіріп, тіркелу қажет.

БҰҰ COVID-19 туралы жалған ақпарат таратуға қарсы жоба бастады
https://www.shareverified.com/en сайттан скриншот
Factcheck.kz