BBC тілшілеріне Twitter-ді пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

BBC журналистеріне Twitter желісін пайдалануын шектеу мәселесін қарастыруда. Егер ұсыныс бекітілсе, корпорацияның үздік тілшілері онлайн-платформадан бас тартуы керек деп хабарлайды The Guardian.

Соңғы уақытта корпорация журналистерінің твиттердегі жазбалары сынға жиі ұшырайды. Мысалы, BBC-дің үздік саяси репортері Лора Кенсберг британиялық парламенттегі либералдардың көшбасшысы Борис Джонсонның жақтастары Джереми Корбинді ұрғаны туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сынға ілікті.

Ал солтүстікамерикалық бюроның редакторы Джон Сопел твиттерде Дональд Трамп туралы өзінің сыни пікірін жариялап, аудитория мен әріптестерінің арасында наразылық тудырды.

BBC жаңалықтар бөлімшесінің басшысы Фран Ансворт корпорация журналистеріне твиттерді пайдалануды мүлдем тыйым сала алатыны туралы әзілдегенімен, Guardian бұл әзілдің ақиқаттан алыс емес екенін айтады.

Дегенмен журналистердің әлеуметтік желіде өзін ұстау қағидаларын қатаңдату жоспарда бар. Өзгерістер беделді журналистердің басым бөлігі өз аккаунттарын жүргізе алмауына әкеп соқтыруы мүмкін.

Мұндай бастаманы Channel 4 телеарнасы да қолдаған көрінеді. Телеарна журналистері мен Ұлыбританияның саяси өмірінен хабар таратумен байланысы жоқ редакцияның басқа да қызметкерлері енді саяси жаңалықтарға қатысты жеке пікірін білдіре алмайды.

Factcheck.kz