Австралия үкіметі мигранттарды қорқыту үшін жұлдыз жорамал шығарды

Австралияның ішкі істер министрлігі Шри-Ланкадан заңсыз қоныс аударатын азаматтардың санын азайту үшін фейк жұлдыз жорамал жасап шығарды. Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

Жұлдызнамада мерген жұлдыз белгісінде туған иммигранттар ешқашан қарызынан құтылмайтыны, ал арыстандар жасаған ісіне өкінетіні айтылған.

Егіздерге әйелінің зергерлік бұйымын жоғалтатыны айтылған. Ал жұлдызнамаға сәйкес торпақтар Австралияға теңіз арқылы заңсыз түрде келсе, үйіне қайтаралып, басқалар оны сәтсіздігі үшін кемсітетіні жазылған.

Австралия теңіз арқылы заңсыз келетін иммигранттармен күресуде. Соңғы жылдары бұл ел мигранттарды қорқыту үшін түрлі науқандарға миллиондаған доллар жұмсады. Жарнамаларда қатыгездікке толы видеолар, комикстер мен әлеуметтік желіде жарияланған жазбалар қолданылады.

АҚШ президенті Дональд Трамп твиттерінде иммигранттарға арналған австралиялық плакаттарды қолдайтынын айтты.

​”Бұл Австралияның заңсыз иммиграцияға қатысты саясатын көрсетеді. Үлгі аларлық екен!”, — деп мәлімдеді ол.

Астрология ғылымы Шри-Ланкада өте танымал. Тұрғындар үйлену немесе жаңа жұмысқа көшу туралы шешім қабылдайтын кезде жұлдыздардан көмек сұрайды.

Factcheck.kz