“Ашық экономика” форумының мақсаты қандай?

«Ашық экономика» форумы Қазақстандағы инклюзивті, тұрақты және ұзақ мерзімді экономикалық дамудың жаңа бағыттарын талқылауға арналған интербелсенді алаң. Форум бағдарламасы мен мақсаты іс-шараның барлық қатысушыларының басын қосып, негізгі экономикалық терминдерді қарапайым тілмен түсіндіріп, проблемалардың шешу жолдарын талқылауға бағыттайтын болады.

Алғаш рет «Ашық экономика» форумы 2017 жылы 9 қарашада «Экономикалық өсім әлеуметтік әділдік нәтижесінде: адамға бағытталған тәсілдемені ендіру» тақырыбында өтті. Форум саясаткерлер, экономистер, аналитиктер, кәсіпкерлер, жекеменшік сектор, халықаралық ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдері үшін экономикалық дамудың жаңа бағыттарын талқылауға арналған тәуелсіз пікірталас алаңына айналды.

2017 жылы форум қатысушылары Қазақстанның өзін-өзі жұмыспен қамтушы халқының экономикалық мүмкіндіктері, зейнетақы реформасы, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру, экономиканы әртараптандыру және оның тұрақты түрде дамуы тақырыптарын талқылады.

Биылғы жылы негізгі бағыт институционалды реформалар, адами капитал және олардың инклюзивті экономикалық дамуға ықпалы жайында болады.

«Ашық экономика» форумының мақсаты:

  • Институционалды реформалар және адами капиталды дамыту нәтижесінде Қазақстанның инклюзивті, тұрақты, әрі ұзақ мерзімді экономикалық дамуы тақырыбының жан-жақты талқылануына жағдай жасау;
  • Қазақстанның инклюзивті және тұрақты дамуына жетудегі институционалдық ортаның негіз-қалаушылық рөлін көрсету;
  • Қоғамның барлық тұрақты және инклюзивті даму тақырыбындағы ашық пікірталасқа қызығушы мүшелерін белсенді түрде тарту;
  • Халықтың еңбекке жарамды топтарының экономикалық қызметке өнімді түрде араласуын қамтамасыз ету үшін ұсынымдар даярлау;
  • Халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарының экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету;
  • Қазақстандағы және әлемдегі популизмнің күшею жағдайындағы мемлекеттің әлеуметтік рөлі мен атқаратын қызметтерін қарастыру;
  • Саяси транзит жағдайында үкіметтің экономикалық күн тәртібіне деген қоғам сенімін арттыру тәсілдерін анықтау.

OEF-2019 форумының спикерлер тізімін Ekonomist.kz сайтынан оқи аласыздар.

«Ашық экономика» форумы 2019 жылдың 8 қарашасында Алматыда өтеді. Ekonomist.kz-тің Facebook парақшасында таңғы 09:00-дан бастап онлайн-трансляция жүргізіледі. Сұрақтарыңыз болса алдын-ала дайындап, онлайн-көрсетілімде қойсаңыздар болады.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz