Арман Шораевты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатты

Адвокат Джохар Утебеков Facebook парақшасында Арман Шораевтың ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылғаны туралы хабарлады.

Осыдан екі күн бұрын, 18 сәуірде президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бұрынғы мүшесі, журналист Арман Шораев төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратты деген күдікпен тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полицияның айтуынша журналист бірнеше рет әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқан.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша А.Т.Шораев төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзды және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесіне зиян келтірген.

Осыған дейін полиция “жалған ақпарат таратты” деген күдікпен белсенді Әлнұр Ильяшевті де ұстаған еді.

Factcheck.kz