Апталық шолу : Жаңа денсаулық кодексі, депутат Қоңыров, Instagram мен Facebook’тың анти-фейк саясаты

Осы аптада Factcheck.kz редакциясы депутаттардың мәлімдемесін тексеріп, әлемдегі жағдайларға назар салды. Жарияланған материалдарды бірге шолып шығайық.

Қоңыровтың Қазақстандағы азық-түлікке байланысты сауалы

23 қыркүйекте Айқын Қоңыров «Халық коммунистерінің» атынан премьер-министрге «Барлық қазақстандық үшін қол жетімді әрі сапалы азық-түлік» деген ұлттық бағдарлама әзірлеу бойынша сауал жолдады. Депутаттардың пікірінше, пандемия мен экономика жағдайының нашарлануына байланысты қазіргі кезде Қазақстанда «кешенді азық-түлік дағдарысы» болып жатыр. Біз фракция басшысының дәлел ретінде келтірген барлық мәлімдемесін талдап көріп, үш шын, бір жартылай шын, бір манипуляциялық ақпарат пен бір техникалық қате таптық.

Айқын Қоңыровтың айтуынша, қазақстандықтар тамақ жеуді көбейткен жоқ, бұл [азық-түлікке кеткен шығындардың артуы] азық-түліктің қымбаттауына байланысты. Бұл мәлімденің редакция манипуляция екенін анықтады.

Ресми статистикаға сәйкес, қазақстандықтар 2020 жылдың екінші тоқсанында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда заттарды көбірек тұтына бастаған. Айта кетейік, тұтыну көлемі азық-түлік тауарларының барлық дерлік түрі бойынша артқанын байқауға болады.

Шоқан Маратұлы жаңа денсаулық кодексі хақында

Factcheck.kz «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» атты жаңа Кодекс бойынша фактчектер сериясының соңғысын ұсынып отыр. Айта кетейік, фактчек жасауға халық арасында тез әрі кең тарап кеткен әнші Шоқан Маратұлының жазған посттары негіз болған еді. Қазақстандық әнші Кодексті «халық пен адамгершілікке қарсы, фашистік, жазалаушы әрі зиянды» деп атаған болатын.

Шоқан Маратұлының айтуынша, науқастың денсаулығына жеңіл және орташа ЗИЯН келтірген медициналық қателік үшін қылмыстық жаза алынды. Сондай-ақ, дәрігердің әрекетінен адам денсаулығына ауыр зиян келіп немесе оның өліміне әкелетін жағдайларда қылмыстық іс қозғау процедурасын қиындатып жіберген. 270-баптың 5-тармағы. Енді «медициналық оқыс оқиға» деген пайда болды, ол бойынша науқастың өлімі үшін қылмыстық жаза жоқ.

Редакция бұл мәлімдеге жалған және манипуляция деп үкім берді.

Біріншіден, Денсаулық туралы жаңа кодекстің күшіне енуімен ҚР Қылмыстық кодексінен «Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген 12-тарау мен атап айтқанда «Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» деген 317-бап, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен «Медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету» деген 80-бап ешқайда кеткен жоқ.

Екіншіден, Денсаулық туралы кодекстің бұрынғы және қазіргі редакциясында «дәрігер қателігі» деген ұғым жоқ, болмаған да.

Instagram мен Facebook фейк жазбалар мен аккаунттарды өшірді

Instagram мен Facebook-тағы 214 қолданушы, 35 парақша, 18 топ және 34 акаунтты «шетелдің немесе мемлекеттің араласуына қарсы» саясатын бұзғаны үшін өшірді. Компанияның хабарлауынша, жойылған қолданушылар мен топтың үшеуі Ресеймен байланысты болған.

Желідегі акаунттардың ішіндегі белсенділігі үш дәрежеге бөлінген: жоғары дәрежеде Сирия мен Украинада, орташа дәрежеде Түркия, Жапония, Арменя, Грузия, Беларусь және Молдавада, ал төменгі дәрежеде Ұлыбритания мен АҚШ-та. Зерттеу көрсеткендей, акаунттар фейк болып шықты және өмірде жоқ адамдардың атынан тіркелген.

Жалған акаунттар Сириядағы азаматтық соғыс, Түркияның ішкі саясаты, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы геосаяси проблемалар, НАТО, Украинадағы соғыс және Балтық, Грузия, Армения, Беларусь, АҚШ елдеріндегі өзге де саяси мәселелер туралы бірнеше тілдерде ақпарат таратып келген.

Басқа қандай материалдар жарияланды?

  • Астананың мамандандырылған ауданаралық соты Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Мамуновты “пара алды деген” айыппен 12 жылға соттады. Руслан Мамунов Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановтың туыстарынан заңсыз түрде 1,2 миллион доллар алғаны үшін кінәлі деп танылды. Толығырақ мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
  • 30 қыркүйекке қараған түні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Нью-Йоркте өткен жиынында Таулы Қарабақтағы жағдай талқыланды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 5 тұрақты және 10 тұрақсыз мүшелері Армения мен Әзірбайжанды келісімге келуге шақырды.
  • АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус жұқтырғанын айтты. Бұған дейін оның көмекшісі Хоуп Хикстен COVID-19 анықталған еді. Трамп бұл туралы Twitter парақшасында жазды.
  • “Новичок” тобының уымен уланған Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Der Spiegel басылымына берген сұхбатында өзінің улануына Ресей президенті Владимир Путиннің қатысы болуы мүмкін екенін айтты.

Біздің әлеуметтік желідегі, инстаграм, телеграм және фэйсбук парақшамызға жазылуды ұмытпаңыз. Егер Қазақстанның және басқа да медиада жарияланған материалға күмән келтірсеңіз, редакциямызға хабарлассаңыз болады. Шындыққа әркімнің-ақ бар таласы.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz