Америкада ЖОО қызметкерлері кампуста Face ID қызметін тыйым салуды талап етті

150-ден астам оқытушылар мен ғалымдар АҚШ колледждерінде, университеттерінде адамның жүзін тану технологиясына тыйым салу туралы өтініш хат жазды. Олардың айтуынша бұл технология студенттер мен жұмысшылардың азаматтық құқын бұзады.

Олардың ойынша, адамдарды тану технологиясы студенттердің қозғалысын бақылауға, олардың мимикасын зерттеуге, кіммен араласатынын қадағалауға және әр қадамын бақылап, тыңшылық етуге мүмкіндік береді.

Студенттеріміздің, әріптестеріміз мен қауымдастық мүшелерін үнемі бақылап отырудан қорғау біздің борышымыз деп санаймыз.

өтініштен үзінді

Ашық хатқа Гарвард, Йель, Стэнфорд оқытушылары да қол қойды. Олардың айтуынша студенттер білім алуға деген құқын қауіпсіздік пен құпиялылыққа алмастырмауы тиіс. Оның үстіне бұл технология студенттердің, жұмысшылардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етпейді дейді ЖОО қызметкерлері.

Сарапшылардың пікірінше технологияның негізгі проблемаларының бірі адамның нәсілі мен жынысын дәл тани алмайды.

Қазіргі уақытта АҚШ-та тұлғаны тану технологиясын қашан, қалай және қайда пайдалануға болатынын анықтайтын федералды заң жоқ. Бұл мәселе бойынша бірнеше заң жобалары, соның ішінде федералды мораторий енгізілді. Алайда олардың бірде-біреуі қолдау таппады.

Factcheck.kz