Amazon оқырманның Kindle-да әрбір іс-әрекетін қадағалап отырады

Amazon Kindle – әлемдегі ең танымал электронды кітаптардың бірі. Алайда, ыңғайлы электронды кітаптың құны – оқырман жайлы жеке дерек. The Verge сайтының хабарлауынша Amazon оқырманның Kindle-да оқыған әрбір бетті қадағалап отырады.

The Markup тілшісі Адриан Джеффрис Amazon сайтынан өзі оқыған кітаптар жайлы жеке дерек тапқан.

https://twitter.com/adrjeffries/status/1222277544730337280?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1222277544730337280&ref_url=https%3A%2F%2Froskomsvoboda.org%2F55089%2F

“Amazon Kindle-дағы әрбір іс-әрекетімді қадағалайтын сияқты. Мен сайттан қазір ғана 90 мың жолдан тұратын өзім жайлы жеке деректі жүктеп алдым”.

Amazon-ның бұл жайтқа байланысты бірнеше жауабы бар. Біріншіден Kindle Whispersync қызметінің арқасында оқырман әр түрлі құрылғыларда кітап оқуын еш кедергісіз жалғастыра береді. Whispersync кітаптағы бетбелгілерді синхрондауға және тоқтаған жеріңізден қайта жалғастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар компанияның айтуынша қадағалау өнімді дамыту, оның ішінде Page Flip функциясын жақсарту үшін қажет. Компания бұл мәліметтер қанша уақыт сақталатынын ашып айтпады. Тек деректі «құпиялылық саясатында жазылған мақсаттарға жету үшін және салық салу мен бухгалтерлік есепке қатысты қажетті заңдарды сақтау үшін, сондай-ақ клиенттерді алаяқтықтан қорғау үшін қаншалықты қажет болса сонша» сақтайтынын хабарлады.

Amazon сіздің Kindle-де оқыған әрбір бетті қадағалағанын қаламасаңыз баптауларға кіріп, Whispersync қызметін өшіре аласыз. Сонымен қатар, Amazon компаниясына осыған дейін сақталған деректерді өшіруін сұрай аласыз. Өкінішке қарай, бұл кітапты бір уақытта бірнеше құрылғы арқылы оқитын оқырмандар үшін тиімсіз.

Factcheck.kz