Алматыда OEF-2019 форумы өтеді

2019 жылдың 8 қарашасында Алматыда 2-ші “Ашық экономика” форумы өтеді. Форумда институционалды реформалар, адами капитал және олардың инклюзивті экономикалық дамуға ықпалы және т.б. тақырыптар талқыланатын болады.

OEF-2019 спикерлері – халықаралық және отандық сарапшылар. Қазақстандағы институционалды реформалар мен тұрақты экономикалық дамудың өзара байланысын қарастырып, Қазақстандағы экономикалық және саяси бәсекелестік маңызын талқылайтын болады. Олар «ауқатты және бақытты болу үшін әр қазақстандық азаматқа қанша қаражат керек» деген сұраққа нақты жауап береді және Қазақстаннан өзге елдерге ой жылыстауын тоқтату мәселесі бойынша өз болжамдарын ұсынады.  

“Ашық экономика” форумының биылғы арнайы қонағы – экономика ғылымдарының докторы, SciencesPo университетінің профессоры, Ресей экономика мектебінің бұрынғы ректоры, Еуропа қайта құру және даму банкінің бұрынғы бас экономисі Сергей Гуриев. Сарапшы транзиттік, дамушы және шикізатты елдердегі тұрақты және инклюзивті экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі институционалды дамудың рөлі туралы дәрісін оқиды, сонымен қатар, форумның панелді сессиясына қатысады.

OEF-2019 жұмысына жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту тәжірибесі бар 7 елдің, яғни, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Украина экономика саласы бойынша сарапшылары қатысады. Аталмыш мемлекеттердің барлығы үшін ілгерідегі экономикалық дамуды қолдау мақсатында институттарды құру өзекті.

Қазіргі таңда мемлекет ұшыққан экономикалық және әлеуметтік сын-тегеуріндерге орай әрекет етуге мәжбүр және әрекет етіп те жатыр. Бір жағынан, бұл үдерісте популистік рең мен сараптаманың жеткіліксіздігі анық байқалып тұр. Екінші жағынан, құқық үстемдігінің іргелі ұстанымдары, әлеуметтік әділеттілік, ақпарат қолжетімділігі, басқаруға қатысу болмай және табанды азаматтық қоғам институттарын дамытпай, тиімді мемлекеттік басқаруға қол жеткізу мүмкін еместігіне тағы бір мәрте көз жекіздік. Осы мәселеге орай, таразыланған және жан-жақты сарапшылық талқылауларға негізделген халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарының мәселелерін өзектендіру қажет. Сондықтан да, біздің қор екінші рет «Ашық экономика» форумын өткізіп отыр 

Сорос-Қазақстан қоры басқарма төрайымы Аида Айдарқұлова

Ал, Ekonomist.kz жобасының жетекшісі Қасымхан Қаппаров былай дейді:

Күрделі саяси транзит кезеңінде азаматтық институттардың рөлі және саясаттың экономикаға ықпалы ерекше айқындала түсуінде болып тұр. Қазақстан үшін мұндай институттар — жеке меншікке қолсұқпаушылық, тәуелсіз соттар және баспасөз бостандығы. Қуатты әрі толыққанды қоғамдық институттар құрылған жағдайда ғана Қазақстанға қажетті реформалар еліміздің барлық азаматтары үшін тиімді және пайдалы бола алады деген сенімдемін.

“Ашық экономика” форумының толық бағдарламасын Ekonomist.kz сайтынан оқи аласыздар.

OEF-2019 ұйымдастырушылары – Сорос-Қазақстан қоры және Ekonomist.kz онлайн жобасы.

Ақпарат үшін:

«Ашық экономика» форумы – бұл Қазақстандағы инклюзивті, тұрақты және ұзақмерзімді экономикалық дамудың жаңа бағыттарын талқылауға арналған интербелсенді алаң. Форум бағдарламасы мен рухы іс-шараның барлық қатысушыларының күшін инклюзивті, тұрақты және ұзақмерзімді дамуға жету жолдарын талқылауға бағыттайтын болады.

Бірінші «Ашық экономика» форумы Астана қаласында 2017 жылдың қарашасында өтті.

Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) – үкіметтік емес ұйымдар, билік органдары және бизнес арасындағы серіктестікті дамыту арқылы толерантты, белсенді қоғамды және жауапты, айқын үкіметті насихаттауды қолдайтын үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы.

Ekonomist.kz – Қазақстандағы жкономикалық тақырыптарды кәсіби тұрғыда талқылауға арналған ашық онлайн алаң. күрделі экономикалық құбылыстарды қарапайым тілмен жеткізіп отыратын болады. Жоба міндеті – қазақстандықтардың еліміздің экономикалық дамуындағы жаңалықтары мен мәселелерінен хабардар болып отыруына ықпал ететін кәсіби виртуалды сараптама желісін дамыту, жас сарапшылардың жетіле түсуіне мүмкіндік беру. Авторлар жоба нәтижесінде халық табысының өсімін және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету жолында мемлекет қабылдайтын шешімдер сапасына әсер етеміз деп күтеді.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz