Алматыда митинг өткізу үшін жаңа орын пайда болуы мүмкін

Алматыда ресми түрде митинг өткізу үшін жаңа орын бөлінуі мүмкін. Алматы мәслихаты шешімінің жобасы “Ашық НҚА” сайтында жарияланды және көпшілік талқылауына ұсынылды.

«Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» жобасында:

Алматы қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары ретінде «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы гүлзар және Махатма Ганди атындағы саябақ белгіленді.

Осылайша, жиналыстарды өткізудің жаңа тәртібі қабылданған жағдайда М. Ганди атындағы саябақ рұқсат етілген митингілерді өткізу үшін билік орындары рұқсат еткен екінші орынға айналады.

Бұрын белсенділер тек “Сары Арқа” кинотеатры артында ғана рұқсат етілген митингі ұйымдастыра алатын еді. М. Ганди атындағы саябақ Шевченко, Гагарин, Жамбыл, Жароков көшелерінің қиылысында орналасқан.

Контекст

  • Маусым айында белсенді Әлнұр Ильяшев бір жыл ішінде әкімдікке митинг өткізу туралы 36 рет өтініш білдіргені белгілі болды. Нәтижесінде, ондаған сәтсіз әрекеттерден кейін активист мақсатына жетті. Рұқсат етілген митинг маусымның 30-ы өтті.
  • Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тамыз айында қалалық мәслихатқа бейбіт жиналыстар өткізу үшін тағы бір орын бекіту туралы өтініш білдіретінін айтты.
  • Қыркүйек айының басында Қазақстан халқына жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев митингтер тақырыбын қозғады. Оның айтуынша бейбіт акциялар заңды бұзбаса, билік өкілдері белсенділерді қолдауы тиіс. Сонымен қатар, митинг өткізу үшін қала сыртынан емес, арнайы орын бөлуі керек.
Factcheck.kz