АҚШ-та өткен конференцияда Трамп жайлы жалған видео көрсетілді

Өткен аптада Флорида қаласындағы Трамптың “Doral Miami” курортында президенттің жақтастары ұйымдастырған American Priority конференциясында президент жайлы видео көрсетілді. Видеода Дональд Трамп шіркеуде жаппай атыс ұйымдастырып, саяси оппоненттері мен журналистерге пышақпен шабуыл жасайды. Бұл жайлы The Guardian хабарлайды.

Видеода Трамп 50-ге жуық саяси оппонентері мен медиаларға оқ атады. Оның ішінде Барак Обама, Билл Клинтон, Хилари Клинтон сынды саясаткерлер мен BBC, Bloomberg, The Guardian т.с.с басылымдар көрсетілген.

Бейнеролик 2015 жылы жарыққа шыққан “Kingsman: Құпия қызмет” фильміндегі көріністің өңделген нұсқасы. Фильмдегі бас кейіпкердің бірінің денесіне президент Трамптың суреті қойылған. Видеоның мазмұнына сай президент “Фейк жаңалықтар шіркеуіне” келген саясаткерлер мен БАҚ-тарға оқ жаудырады.

Баспасөз хатшысы Стефани Гришэмнің айтуынша, Трамп видеоны дүйсенбі көруі мүмкін. Дегенмен, осы уақытқа дейін президент видео жайлы естіген және жауапты адамдарды айыптайды.

“Өкінішке қарай, бұл президенттің жақтастары БАҚ-қа қатысты зорлық-зомбылықты насихаттайтын видеоны бірнеше рет жариялаған. Бірақ бұл жолы олар шектен шықты. Бұл кадрлар өте қорқынышты” деп мәлімдеді CNN арнасы.

Ақ үйдің тілшілер қауымдастығы да видеоға қатысты пікір білдірді. Қауымдастық президенті, ABC News тілшісі Джонатан Карлдың айтуынша америкалықтардың барлығы журналистер мен президенттің саяси оппоненттеріне қарсы бағытталған зорлық – зомбылық бейнеленген видеоны айыптауы тиіс.

Factcheck.kz