Ақ үй Трампқа қарсы басылымдардан бас тартады

Ақ үй барлық федералды ведомстволарға The New York Times, The Washington Post газеттерінің баспа нұсқаларына жазылуға тыйым салуды жоспарлап отыр. Аталған басылымдар президент Дональд Трампты бірнеше рет сынаған. Бұл жайлы The Wall Street Journal хабарлайды.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гриштің айтуынша бұл шешім мемлекеттік шығындарды төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар салық төлеушілердің жүз мың долларға дейін қаржысын үнемделеді.

WSJ атап өткендей Ақ үйдің бұйрығы қашан күшіне енетіні және федералды қызметтерді қалай бақылайтыны әлі белгісіз. NYT және Washington Post басылымдарынан бас тарту туралы ойын Трамп дүйсенбі күні Fox News эфирінде хабарлаған еді.

Президент New York Times-ты “жалған газет” деп атап, ешқайсысын Ақ үйде көргісі келмейтінін айтты.

Factcheck.kz