Аида Балаева: Қазақстанда 3200 сайт бұғатталды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша Қазақстанда 2019 жылы радикалды ағымдарға қарсы күрес аясында 3200 сайт заңсыз деп танылып, бұғатталған. Бұл жайлы министр ОКҚ-да халықпен кездесу барысында хабарлады.

Жалпы алғанда билік өткен жылы 5,3 мыңнан астам онлайн-ресурсты тексеріп, соның ішінде рұқсат етілмеген діни сипаттағы материалдарды тауып, бұғаттаған.

Балаева терроризм мен радикализмнің «пайда болу себептерімен күрес» ресурстарын пайдалануды шектеуді атады. Министрдің айтуынша «бұл салада ең маңыздысы-халықтың радикалды қозғалыстарға қарсы иммунитетін құру және елдегі дінаралық қақтығыстардың алдын алу» маңызды.

Өткен жылдың күзінде Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы әлемдегі Интернеттің еркіндік деңгейін бағалаған. Есепке сәйкес Қазақстан өткен жылы интернет еркіндігі бойынша бірнеше сатыға төмен түсті.

Қазақстан 100 балдың 32-сін жинады. Бағалау кестесіне сәйкес 0-ден 39-ға дейін балл алғандар «интернеті еркін емес» елдерге жатады. Қазақстанмен бір қатарда-Әзірбайжан, Ресей, Беларусь, Пәкістан, Өзбекстан және Иран елдері тұр.