20 сәуірден бастап жұмысын жалғастыра алатын кәсіпорындар тізімі жарияланды

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия астанада және Алматы қаласында 20 сәуірден бастап жұмысын жалғастыра алатын кәсіпорындар тізімін жариялады. Кәсіпорындардың барлығы қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтауы тиіс.

Астанада:

  • Өнеркәсіп кәсіпорындары;
  • Екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін және қызметкерлерінің тек 50% жұмыс істей алады;
  • Алдын ала жазылу бойынша нотариустар;
  • Көлік, қойма, ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін компаниялар;
  • Автосалондар, ТҚС, автожуғыштар, шиномонтаждау сервисі, автоқосалқы бөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, ұйымдастыру техникасын жөндеу;
  • Құрылыс және жол-құрылыс саласында қызмет көрсететін компаниялар, ірі құрылыс дүкендері;

Алматы қаласында:

  • Өнеркәсіп кәсіпорындары;
  • Құрылыс және жол-құрылыс саласында қызмет көрсететін компаниялар, ірі құрылыс дүкендері;
  • Алдын ала жазылу бойынша нотариустар;
  • ХҚКО-ның бір бөлімі (Наурызбай ауданы, Наурызбай ш/а.347/1) тек бизнеске қызмет көрсету үшін;

Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы тек өзімен бірге әкету және жеткізу қызметін ұсына алады. Жұмыс уақыты 22:00-ге дейін ұзартылды.

Factcheck.kz