14.09 | Путинге ескерту, Навальный, Беларуське бағытталған санкция

Әлемде бір тәулікте коронавирус жұқтырудан жаңа рекордттық көрсеткіш тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бір тәулікте 307,9 адам COVID-19 жұқтырды. Соңғы рет тіркелген рекордтық көрсеткіште 6 қыркүйек күні 304,6 мың адамнан коронавирус анықталған еді.

Бір тәулікте жұқтырғандардың көпшілігі Үндістанда тіркелді — 94,3 мың адам. Одан кейін АҚШ пен Бразилияда вирус жұқтырғандар артқан.

  • АҚШ — 45, 5 мың
  • Бразилия — 43,7 мың
  • Испания — 12, 1 мың
  • Аргентина — 11, 5 мың

ДДСҰ мәліметінше, пандемия басталғалы әлемде коронавирусты 28,6 миллион адам жұқтырды. Ал Джонс Хопкинс университетінің дерегенше, 28,8 миллион адамнан COVID-19 анықталды.

“Біз Ресейді не болғанын түсіндіруге шақырамыз”

Швеция, Франция және Еуропаның басқа елдеріндегі тәуелсіз ғалымдар Ресей опозиционері Алексей Навальныйдан алынған сынамаларда “Новичок” тобына жататын улы заттың барын растады. Германия үкіметінің хабарлауынша, үш тәуелсіз зертхана Навальныйдың анализін тексеріп, осындай шешім шығарды. Бұл тексеріс Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының (OPCW) бастамасымен жүзеге асты.

Франция мен Швециядағы арнайы зертханалар жүргізген қорытындының нәтижесі [ашық деректе] бар және Германияның дәлелдерін растайды. Үш зертхана Навальный мырзаның улаған зат “Новичок” тобынан жататыны туралы дәлелдер келтірді. Біз Ресейді тағы да [Навальныйға байланысты жағдайды баяндап] не болғанын түсіндіруге шақырамыз. Біз еуропалық серіктестерімізбен тығыз байланыстамыз.

Германия үкіметі баспасөз қызметі

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный 20 тамызда Томск қаласынан Мәскеуге бағыт алған ұшақта жағдайы күрт нашарлап, ұшқыштар Омбы қаласына қонуға шешім қабылдады. Ол Омбы ауруханасында екі күн жатты. Кейін Берлиннің “Шарите” емханасына ауыстырылды.

10 қыркүйекте Insider басылымы, Навальный емделіп жатқан аурухананың қауіпсіздік қызметі күшейтілгенін хабарлады. Алексеймен кездесу үшін үш деңгейге бөлінген күзетшілерден өту керек. Оппозиционердің бәрін есіне түсірген сәттен бастап, қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейі («Қызыл қауіп») орнатылды.

Тихонавская Путинге ескерту жасады

Беларусь оппозиционері және ресми сайлаудың нәтижесіне дейін президенттікке үміткер болған Светлана Тихоновская Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь басшысы Александр Лукашенконың 14 қыркүйектегі кездесуі туралы пікір білдірді.

14.09 | Путинге ескерту, Навальный, Беларуське бағытталған санкция
Сурет: ТАСС

«Мен Владимир Путинге мына жайттарды ескерткім келеді: Сочидегі кездесу кезінде не қабылдасаңыз да, қандай келісімге келсеңіз де, оның заңды күші болмайды. Лукашенкомен жасалған барлық келісімді жаңа үкімет қайта қарайды. Себебі Беларусь халқы сайлау уақытында Лукашенкоға сенуге және оны қолдаудан бас тартты. Сіздің Беларусь халқымен емес, диктатормен диалог жүргізуге шешім қабылдағаныңызға қатты өкінемін».

Светлана Тихоновская

Естеріңізге сала кетейік, 9 тамызда Беларусьте өткен президент сайлауының нәтижесіне халық наразылық білдіріп жатыр. Олар сайлаудың ресми нәтижесіне сенбейді.

10 тамызда жарияланған ОСК (Орталық сайлау комиссия) мәліметі бойынша, сайлауда 80 % – дан астам дауыс жинаған қазіргі президент Лукашенко жеңіске жетті. Оның басты қарсыласы Светлана Тихановская шамамен 11% дауыс жинады.

Ресми Берлин Минскке санкция салуды жоспарлап отыр

Ресми Берлин Еуроодаққа мүше СІМ басшылары 21 қыркүйекте болатын Брюссельдегі кездесуде Беларуське қарсы санкция бойынша келісімге келеді деп жоспарлап отыр. Бұл туралы дүйсенбіде өткен брифингте Германия СІМ өкілі Мария Адебар мәлімдеді.

14.09 | Путинге ескерту, Навальный, Беларуське бағытталған санкция
Мария Адебар

Мен келесі дүйсенбіде [санкция бойынша] нақты шешімін айта алмаймын. Бірақ біз оны құптаймыз. Бұл жоғары лауазымды шенеуніктерге қарсы санкция болуы керек. Біз ЕО-да [президенттік] сайлаудың нәтижесін бұрмалағандарға қарсы бағытталған санкция пакетін жүзеге асыру үшін жұмыс істеп жатырмыз.

Германия Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі

Тамыздың ортасында Беларусьтегі митингке байланысты Еуроодақ Беларусьтің 15-20 шенеунігі тізімін қарастыратыны белгілі болды. Оларға қауымдастық аумағына кіруге және Еуропалық банк жүйесін қолдануға тыйым салу мәселесі қарастырылғалы жатыр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz