11.09 | Ешкімде жоқ қару, Ресей мен Навальный, Кешірім сұраған Путин

АҚШ президенті Дональд Трамп “ешкім білмейтін қарудың АҚШ-та бар екенін” мәлімдеді. Бұл туралы журналистерге Мичиган штатына ұшар алдында айтты.

Трамптың айтуынша, АҚШ ядролық және сапасы жоғары деңгейдегі қаруды дайындап жатыр. Оның сөзінше, билік әскерге кейінгі 3,5 жылда 2,5 трлн доллар жұмсады. Сонымен бірге, АҚШ әскері бұрынғыдан да мықты екенін айтты.

Бізде ешкім білмейтін жүйелер бар. Шынымды айтсам, бұл туралы ешкім білмегенін қалаймын.

Трамп

Америкалық журналист Боб Вудворд алдағы уақытта шығатын Rage (“Ашу”-ред.) кітабында АҚШ президентінің қаруға байланысты сөзін жазды.

11.09 | Ешкімде жоқ қару, Ресей мен Навальный, Кешірім сұраған Путин
Фото: Flickr / The White House

АҚШ-та Ресейде де, Қытайда да жоқ ядролық жүйенің бар екенін айтқым келеді. Бізде Путин мен Сидің [Цзиньпин] бұрын естімеген нәрсесі бар, – дейді ол.

2020 жылы мамырда Трамп АҚШ-та гипер дыбысты зымыранның жасалғанын айтты. Президент бұл қаруды «супер-пупер» деп атады. Америка басшысының айтуынша, қазіргі зымырандарға қарағанда 17 есе жылдам және 1600 шақырым қашықтан нысанаға соққы бере алады.

CNN арнасы Пентагонның [АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің бас штабы] жоғары лауазымды қызметкеріне сілтеп, «супер-пупер» зымыранын осы жылдың наурыз айында Тынық мұхитында сынақтан өткенін хабарлады. Зымыран сынақ кезінде дыбыс жылдамдығын 17 есе асып түскен.

Путин Сербия президентінен кешірім сұрады

Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Сербия басшысының Ақ үйдегі кездесуіне байланысты әлеуметтік желіде пост жариялаған болатын. Мария Захарова Сербия президенті Александр Вучичті “Негізгі инстинкт” (Основной инстинкт) фильмінің кейіпкерімен салыстырды. Владимир Путин СІМ ресми өкілінің Facebook-тегі жазбасы үшін Сербия басшысы Александр Вучичтен кешірім сұрады.

Пост Белградта наразылық тудырды. Сарапшылар “даудың басы — фильмнің аудармасы” деп болжайды. Себебі, Сербия тілінде “құштарлықтың аздығы” (Низкие страсти) деген мағынаны білдіреді.

Вучич Сербияның ұлттық арнасында Ресей басшысының және СІМ Сергей Лавровтың кешірім сұрауы туралы айтты.

“Владимир Путин мен Сергей Лавров осыған дейін меннен кешірім сұрамаған еді. Ал осы жағдай үшін (Захарованың жариялаған посты) екеуі де кешірім сұрады”, – деді Сербия басшысы.

Путиннің баспасөз хатшысы бұл ақпаратты РИА Новости агенттігіне растады.

Есіңізге сала кетейік, Сербия мен Косово басшылары өткен аптада Вашингтонға барып, АҚШ-пен екіжақты келісімшартқа қол қойды.

Көп ұзамай Захарова Вучичтің Трамппен кездескен суретін және “Негізгі инстинкт” фильміндегі кадрды жариялады.

“Сізді егер Ақ үйге шақырып, бірақ орындықты жауапқа тартып отырғандай қойса, кім болсаңыз да екінші суреттегідей отырыңыз. Сенсеңіз болады”, – деді Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова

Мария Захарова Белградтағы наразылықтан кейін Сербия президентін емес, америкалық дипломаттар туралы әзілдегенін түсіндірді.

Ресей Германияға дипломатиялық сұрау дайындап жатыр

Алексей Навальныйдың комадан шығуына байланысты Ресей тергеу бөлімшесі Германияға құқықтық көмек туралы қосымша сұрау дайындап жатыр. Бұл туралы 11 қыркүйекте, Сібір федералды округі бойынша көлік тергеу басқарма бастығының міндетін атқарушы Сергей Потапов хабарлады.

Тергеу бөлімі БАҚ-та Навальныйдың комадан шыққаны туралы ақпараттың жариялануына байланысты Германияның құзырлы органдарына құқықтық көмек туралы қосымша сұрау дайындап жатыр.

РФ Ішкі істер министрлігі Сібір Федералды округі бойынша көлік департаментінің баспасөз қызметі.

Сұрауда Германия Навальныйды тергеген кезде, Ресей тергеушілері мен сарапшылары да оған сұрақ қойып, тергеуге қатысуы туралы айтылған.

11.09 | Ешкімде жоқ қару, Ресей мен Навальный, Кешірім сұраған Путин
Алексей Навальный. Суретті Томскіден Мәскеуге бір рейспен ұшқан жолаушы түсірген.

10 қыркүйекте Insider басылымы, Навальный емделіп жатқан аурухананың қауіпсіздік қызметі күшейтілгенін хабарлады. Алексеймен кездесу үшін үш деңгейге бөлінген күзетшілерден өту керек. Оппозиционердің бәрін есіне түсірген сәттен бастап, қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейі («Қызыл қауіп») орнатылды.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный 20 тамыз күні Томск қаласынан Мәскеуге бағыт алған ұшақта жағдайы күрт нашарлап, ұшқыштар Омбы қаласына қонуға шешім қабылдады. Ол Омбы ауруханасында екі күн жатты. Кейін Берлиннің “Шарите” емханасына ауыстырылды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz