YouTube Ресейде неліктен жұмысын тоқтатпағанын түсіндірді

YouTube басшысы Сьюзан Воджицки (Susan Wojcicki) неліктен Youtube Ресейде әлі жұмыс істеп тұрғанын түсіндірді. Воджицки сөзінше, Youtube ресейліктерге «тәуелсіз» дереккөзден ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы The Hollywood reporter хабарлады.

Соғыс кезінде ақпарат маңызды рөл атқарады және ол қару ретінде пайдаланылуы мүмкін. Сондықтан да, осы жағдайда дұрыс саясат жүргізуді жөн көрдік.

YouTube басшысы Сьюзан Воджицки

Компания бас директорының айтуынша, YouTube «тәуелсіз жаңалық» көзі болғандықтан, видеохостиң жұмысы Ресей үшін маңызды.

Контекст 

Әлемдік фактчекинг одағының пікірінше, интернетте жалған ақпараттың таралуының негізгі көзі — YouTube. Ал компания дезинформация таралуын алдын алу үшін көп күш салмайды. Бұл туралы 40 елдің 80-нен астам фактчекинг ұйымы қол қойған хатта айтылған.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz