Трамп әкімшілігі Facebook-те “басып кіру” туралы мыңдаған хабарландыру жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі жыл басынан бері  “қайта сайлау науқаны” аясында Facebook-те “басып кіру”сөзі бар 2 мыңнан астам жарнамалық хабарландыруларды жариялады. New York Times-тың хабарлауынша иммигранттар мәселесі бұл стратегияның басты тақырыбына айналды. 

Bully Pulpit Interactive президент сайлауына кандидаттардың жарнамасын қадағалайтын демократиялық коммуникациялар жөніндегі компаниясының дерегіне сәйкес наурыз айының соңынан бері “қайта сайлау науқаны” аясында Трамп  иммиграция тақырыбын қозғайтын Facebook жарнамасына шамамен 1,25 миллион доллар жұмсады. Аты аталған хабарламаларға жұмсалған қаражат Facebook-тегі жарнамаға жұмсаған 5,6 миллион доллардың едәуір бөлігін құрайды.

Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп американдықтарды нәсілшілдікті, төзбеушілікті және [ақ нәсілдіні ұлықтайтын идеологияны] ұстанбауға шақырды. Президенттің баяндамасын демалыс күндері АҚШ-ты дүрсілкіндірген екі жаппай кісі өлтіру оқиғасынан кейін жасады. Техастағы Эль Пасо сауда орталығына шабуыл жасау және Дейтон қаласындағы (Огайо штаты) бар алдындағы шабуыл 30-дан астам адамның өмірін қиды.

Шабуылға дейін қылмыскер  бұл ісін «Техасқа латиноамерикандық шабуылға жауабы» деп атап, интернетте манифест жариялады.

Factcheck.kz