«Шындықтан қаша алмайсың»: сот Сүлейменова мен Нұрболатовтарға айыппұл салды

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Айгүл мен Айдос Нұрболатовтарға және Сүйінбике Сүлейменоваға айыппұл салды.

Оқиғаны бақылап отырған Әсем Жапишева фейсбук парақшасында «Сот Сүйінбике Сүлейменоваға 20 АЕК айыппұл салды(50500 теңге — ред.). Сүлейменованың жүктілігіне байланысты 30% -ға жеңілдік жасады» деп жазады.

Сондай-ақ, Әсем «прокурор Айгүл Нұрболатоваға 20 АЕК айыппұл салуды сұрады(50500 теңге — ред.). Сот қолдады. Айгүл кінәлі деп танылды» деп жазады.

«Шындықтан қаша алмайсың»: сот Сүлейменова мен Нұрболатовтарға айыппұл салды
Айгүл Нұрболатова.
Сурет Әсем Жапишеваның фейстбугынан алынды

Кейіннен Айдос Нұрболатовтың ісіне қатысты сот шешімін жариялады. «Прокурор  488 баптың 1-тармағына сәйкес 20 АЕК айыппұл салуды талап етіп отыр. Сот Айдос Нұрболатовты кінәлі деп таныды» деді Жапишева.

«Шындықтан қаша алмайсың»: сот Сүлейменова мен Нұрболатовтарға айыппұл салды
Айдос Нұрболатов
Сурет Әсем Жапишеваның фейстбугынан алынды

Бірінші шешім шығарылғаннан кейін көп ұзамай айыпталушылардың достары айыппұлды төлеуге қаржы жинай бастады.  

Бүгін Айдос Нұрболатов, Айгүл Нұрболатова, Сүйінбике Сүлейменова Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жеткізілді. Олар “Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы” заңды бұзды деген айыппен әкімшілік құқық бұзушылық коддексінің 488 бабы бойынша айыпталуда. Осыған дейін Нұрболатовтар және Сүлейменова полиция бөлімшесінде акцияны емес, марафонды суретке түсіруге келгендерін айтты. Алайда, плакат ұстап тұрған таныстарын көріп, оларды да суретке  түсірген.

Осы сәтте қалалық сотта 15 тәулікке қамалған Асия Тулесова мен Бейбарыс Толымбековтың аппеляциялық шағымы қарастырылуда. Нәтижесі кешірек белгілі болады.

Кеше таңертең Алматыдағы марафон кезінде Асия Тулесова, Айгүл Нұрболатова, Сүйінбике Сүлейменова және Бейбарыс Толымбеков «От правды не убежишь», «#У меня есть выбор» деген жазулары бар плакаттарды алып шықты.

Кейіннен полиция оларды ұстап әкетті. Әкімшілік істер бойынша мамандырылған ауданаралық сот бұл істі түнге дейін қарастырды. Сот әкімшілік құқық бұзушылық коддекстің 488 баптың  3 тармағына сәйкес белсенділер Асия Тулесова мен Бейбарыс Толымбековті 15 тәулікке дейін қамауға алды («Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» —ред.)

Бүгін бұл оқиғаға алматы полиция қызметкерлері және ішкі істер министрі Тұрғымбаев пікір білдірді. Олардың айтуынша белсенділер марафонның өткізілуіне кедергі келтіреген.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz