Open Base: Қазақстанда ашық дереккөздермен қалай зерттеу жүргізуге болады?

2021 жылдың 30 шілдесінде MediaNet Халықаралық журналистика орталығы және Factcheck.kz базасында “Open Base: Қазақстанда ашық дереккөздермен қалай зерттеу жүргізуге  болады?” деген тақырыпта журналистерге арналған ашық дәріс өтеді.

Дәріс барысында Қазақстандағы алғашқы Open Base тегін бірыңғай ашық деректер базасының презентация болады. Жаңа құрал мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу, квазифискалдық шығындар, қаржылық есептілік саласында іздеу жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық деректер базасын талдаудың басқа да қолданыстағы құралдарымен жұмыс істеу дағдылары көрсетіледі. Open Base ақпараттық порталы USAID және Internews қолдауымен жасалды.

Вебинар бағдарламасы

Уақыты:        15:00 – 17:00  — орыс тілінде

                        18:00 – 20:00  — қазақ тілінде

  1. Ашық деректер базасы негізінде зерттеу жүргізу: сатып алу, бюджеттер – журналистің қандай мүмкіндіктері бар?
  2. OpenBase: қазақстандық ашық деректер базасындағы ақпаратты жинақтайтын негізгі құрал: құрылымы, мүмкіндіктері, жұмыс істеу қағидаты.
  3. Жиналған деректерді сұрыптап, егжей-тегжейлі талдайтын  базалар мен сервистерге шолу: KASE, Kompra, Uchet.kz.
  4. Халықаралық ақпарат базасы

Тренерлер: Павел Банников, Думан Смақов

Мына сілтеме арқылы алдын ала тіркеліңіз.

Factcheck.kz сайтының мультимедиалық редакторы. SMM маман. 2018 жылы Нью-Йоркатағы CNN каналынан тәжірибеден өткен.

Factcheck.kz