Қырғызстандағы Factcheck Атамбаевқа “ор қазғандарды” зерттеді

Қырғызстандық фактчекерлер Telegra.ph сайтында жарияланған бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев жайлы жаңалықтың өтірігін ашты. Зерттеу туралы Factcheck.kg  сайтында жазылды.  

Telegra.ph сайтындағы тақырыбы «Экс-баспрокурор Индира Жолдыбаева: «Атамбаев Дача-су апатына байланысты барлық дәлелдің көзін жойды» мақаласының сілтемесі әлеуметтік желіде тарады.

Сілтемені басқан кезде оқырман Қырғызстанның бұрынғы Бас прокуроры Индира Жолдыбаеваның айтқан сөздерін көре алады.  

Бұл қандай сайт?

Фактчекерлер Telegra.ph сайтына күмәнмен қарады. Олар бұл сайттың журналистік беделі аз  екенін және Telegram мессенджері құрастырған өнім екенін айтты.

Интернет құралдың авторлары «телеграммдағы каналыңыздағы жазбаларды  Telegra.ph-тың көмегімен БАҚ сияқты тарата аласыз» деп мәлімдеген болатын.

Бірақ сенімсіз сайттың жалған ақпаратты “сенсация” деп тарату фактілері бірнеше рет тіркелген. Әрбір қолданушы фотосуретпен кез-келген жаңалықты ресми бұқара ақпарат құралында жарияланғандай етіп тарата алады.

Құралдың таныстырылымы кезінде мессенджердің ресми блогында «бүгін біз markdown-ға (вебке арналған мәтінді белгілеу тілі— Esquire) негізделген, сурет және басқа қосымша элементтермен жазбалар дайындау үшін Telegra.ph  баспа құралын іске қосамыз» деп жазылған еді.  

Telegra.ph-та жазбаларды анонимді түрде жариялай аласыз. «Автор» бағанасының болуына қарамастан, кез-келген атты еңгізуге болады. Атыңызды растамайсыз, тіпті электронды пошта да сұралмайды.

Factcheck.kg vc.ru. шолушысы Людмила Кудрявцеваның пікірін жариялады.  «Telegra.ph-та жарияланған ақпараттың сенімділігін тексеру керек. Бірақ, ақпаратты оқыған кезде “бұл мақаланы кім жазды және қандай басылым жариялады? Мақала авторы несімен атақты, қайда істеді және қандай тақырыптың сарапшысы? Басылымның беделі қандай, редакторы кім және кімнің мүдделерін қорғайды?” деген сұрақтарға жауап алу қиын. Бұл фейк жаңалықтар үшін қолайлы орта. Үндеулер мен арандатушылық. Бедел соғысы мен революциялық жұмыстар. Жазасыз троллинг пен басқа да қорқынышты мақсаттар» дейді журналист.  

Factcheck.kg журналистері авторлардың осы ресурстың дерегін пайдаланып, жалған ақпарат таратқанын бірнеше рет көрген.

Мақаланың бас кейіпкері не деді?

Бұл жолы жалған ақпараттың құрбаны Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Индира Жолдыбаева болды. Анонимді автордың келтірген мәлімдемесі фейк болып шықты.

Біз Индира Жолдыбаевамен байланысқа шықтық. Телефонда берген сұхбатында бұрынғы бас прокурор бұл тақырыпта ешкімге сұхбат бермегенін растады.

Factcheck.kz сайтының журналисіне Индира «бұл жалған. Мен әлеуметтік желі қолданбаймын және соңғы кездері журналистермен байланысқа шықпағанмын» деп айтты.

Жаңалықтың түпнұсқасында chagylban.kg сайтын дереккөз ретінде берген.  Мұндай сайт жоқ екені анықталды. Жаңалық авторлары оқырмандар сайтты chagylgan.kg басылымымен шатастыру үшін  әдейі бір әріпті қате жазған.

Қорытынды  — Жалған

Зерттеушілердің қорытындысы:

  • telegra.ph ресурсын фейк жаңалықтар үшін қолдануға болады;
  • Индира Жолдыбаева ешкімге сұхбат бермеген және анонимді авторлар таратқан сөздерді ешқашан айтпаған;
  • chagylban.kg  ойдан шығарылған сайтына сілтеме беріліп, «ауыстыру» манипуляция әдісі қолданылған.

2017 жылы қаңтардың 16-сы Дача Су ауылына Boeing 747 ұшағы құлады. Апатта 39 адам қаза тапты. Жергілікті басылымдардың айтуынша Дача-Су ауылы “Манас” әуежайындағы ұшу-қону жолағынан бір шақырым жерде орналасқан.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz