Канадалық иллюстратор Трампқа салған карикатурадан кейін жұмысынан айрылды

Канадалық Brunswick News Inc баспа үйі иллюстратор Майкл де Аддермен келісім шартты бұзды. Майкл желіде тарап кеткен Дональд Трамптың карикатурасын салған еді. Бұл жайлы CNN телеарнасы хабарлады. 

Де Аддер маусымның 26-сы заңсыз көшіп келген мигрант Сальвадорлық Оскар Мартинес пен оның 2 жасар қызы Валеридің өлімінен кейін салған карикатурасын өзінің твиттер парақшасында жариялады. Олар АҚШ-қа келер жолда Рио-Гранде өзеніне батып кетті. Осыған дейін бірнеше ай бойы Оскар мен оның қызы Мексикада, мигранттар лагерінде тұрды.

Де Аддердің карикатурасында Трамп гольфқа арналған көліктің жанында сырғытпа таяқ ұстап тұр. Батып кеткен мигранттарға қарап Трамп: “Мына жерде ойнасам қарсы емессіздер ме?” деп айтып тұр. Карикатура АҚШ көшбасшысының мигранттарға қарсы қатаң саясатына деген көзқарас екені анық.

Твиттерде жарияланған карикатура қысқа уақыт ішінде желіде тез тарап кетті. Карикатураға 13 мың рет лайк басылып, 7 мың рет ретвиттелген.

Карикатура резонанс тудырғанына қарамастан, Brunswick News Inc шығаратын бірде-бір басылымда жарияланбады. Оның орнына маусымның 28-і баспа карикатуристпен келісімшартын бұзды. Де Аддер баспада 17 жыл жұмыс істеді.

Brunswick News Inc баспасында Де Аддермен келісімшарттың аяқталуы оның карикатурасымен байланысты емес екенін айтты. Баспа өкілдерінің айтуынша  оқырмандар жақсы көретін басқа суретшіні қайтару туралы шешім Трамп карикатурасынан бұрын пайда болды.

Де Аддер туған Нью-Брансуик провинциясындағы басылымдарында енді жұмысын жариялай алмайтынына өкінетінін хабарлады.

«Қыркүйек айында жаңа кітабым шығады. Мен әлі де басқа баспа үйлерімен жұмыс істеп жүрмін» деп жазды карикатурист.  

Канадалық карикатуристер ассоциациясының президенті Уэс Тэрллдің айтуынша, Де Аддермен келісімшартты бұзу кездейсоқ емес, бұл Brunswick News Inc. редакциясының саясатының салдары. Баспа үйінің иесі миллиардер Джеймс Ирвинг. Оның АҚШ-тың бизнес саласында өз мүддесі бар.

Factcheck.kz